Boppy Қазақ
рэпiндегi ең
жас әрi ең
дарынды MC. Қазақ
рэпiнiң болашағы
осы жiгiттiң қолында.
ARYSTAN Music атты альбомы америкаңдық
рэптiң қазақ
рэпiндегi ең алғашқы
қадамы. Boppy тек
рэпрезент тректерiмен шектелмей,лириқалык
бағытта да жұмыс
жасаған. Бiр сөзбен
айтқанда бұл
өте керемет альбом,сенi
тербейдi хоуми.
Міне елеулі
шара – 6 Ресми Қазақ Хип-Хоп Баттлы өз мәресіне
жетті. Баттл жарты жылдай уақыт созылды.
Көптеген дарынды ұл-қыздар халыққа танылды.
Кейбір орындаушылардың сағы сынды, кейбір
МС-лерге стимул, құлшыныс берді. Біз үшін, яғни
әділ-қазылар алқасына, ұйымдастырушыларға
қатысушыларды бағалау өте қиын болды. Біздің
шешіммен біреу келісер, біреу келіспес,
сан-алуан пікір туындар, қанша дегенмен
әділ-қазылар шешімі осы...
Құрметті арулар! ШYNGYS, ReeGa,
Maximum-ның бірлескен «ТеңгеMakers»
жобасының «Қош енді, жаным» атты әніне
түсірілетін бейнеклипке ажарлы әрі
камерадан ұялмайтын арулар қажет.
Бейнеклип телеротацияға (ХитТв)
шығарылатын болғандықтан бостан босқа
мазаламауыңызды сұраймыз.
Дорогие девушки! Требуются девушки с
приятной внешностью, которые не
стесняются камеры для клипа на трек «Қош
енді, жаным» с совместного проекта
ШYNGYS, ReeGa, Maximum «ТеңгеMakers».
Так как клип предназначен на телеротацию
(ХитТв) просим вас просто так не
беспокоить.
Ескірмейтін мәңгілік тақырып - Махаббат.
TruMan сіздерге жүрегін жаулаған асау сезімі
жайлы жырлайды. Бәлкім "махаббат" тақырыбы жауыр
болған болар, алайда осы "Махаббат" әнінде сіз
мүлдем басқа TruMan-ды байқайсыз. Маххаббат...
«Әлдиле сәбиіңді» әні халықтың сүйікті «Менің
ұлым» атты әнінің дәстүрлі жалғасы. «Менің ұлым»
әнінде ШYNGYS өзі жайлы, ішкі қорқыныштары жайлы
толғап және жігіттерге ой салып жатса, осы
аталған «Әлдиле сәбиіңді» әнін автор болашақ
аналар – аруларға арнайды. Әнде мәңгілік
құндылықтар – махаббат, өмір және бақытты бағалу
жайлы толғанады. «Сүйікті құлы Алланың»
альбомынан. Тыңдаңыздар, ойланыңыздар...
Көптеген тыңдармандар «MaSSada»
жобасын «G-Force»
жобасымен салыстырып жатады. Бұл әрине дұрыс
емес. Себебі аталған жобалар бір-біріне мүлдем
ұқсамайды.
«MaSSada» жобасының мүшелері
Tilek және R.I.D.O ерекше қайталанбас стиль
иелері, фастфлоудың нағыз шеберлері. Осы
ұсынылып отырған олардың «Азулы МСлер»
альбомында шеберліктің шыңын көрсетті. Егер сіз
таза хип-хопты сүйетін адам болсаңыз бұл альбом
сізге арналған.
«Сүйікті
құлы Алланың» альбомы жайында пікір білдіру өте
қиын. Альбом жан-жақты,
барлық стильдерді қамтыған. Альбомды тыңдап
шыққан тыңдарман, Шыңғыстың өзінің қалыптасқан
адами-рухани түсініктерін қайта қарастырғанын
байқайды... Альбом өте ересек, сондықтан кейбір
әндердегі автордың пікірлері сіздерге түсініксіз
болып көрінуі мүмкін. Альбомда дәстүрлі
репрезенттік тректерден бөлек өте терең
поэтикалық әндер де орын тапқан.
Құрметті
тыңдармандар, «Иманды
Күнаһар» альбомы бастапқыда «Шашыңнан сүйреп
өлтірем» деген атаумен бастау алған. Кейінірек
альбом жазылымы біткен соң, атын өзгертуге жөн
көрдім. Бұл альбомды азіл-ысқақ бағытында
жазамын деп жоспарлағанмын,бірақ лирика бағытына
көп көңіл бөлінгендіктен альбомның атын «Иманды
Күнаһар»деп өзгерттім.
Сіздерге ұнайды деген сенімдемін.
Құрметті тыңдармандар, сіздердің
назарларыңызға TruMan-ның
үшінші жеке альбомын еркін жүктеуге ұсынамыз.
«MDA» жобасының аясында жазылған альбоммен
санағанда бұл - төртінші альбом. «Қатықбас»
альбомы есірткі қолдануды үгіттемейді. Бұл
альбом бүлдіршіндерге есірткінің денсаулыққа,
ой-өріске, психикаға кері әсері бар екенін
жан-жақты баяндайды.